jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысында орманға баруға толығымен шектеу қойылды

"Ертіс орманы" резерватының қызметкері
"Ертіс орманы" резерваты. Фото: ertis-ormany.kz

Павлодар облысында демалушыларға орманға баруға толық тыйым салынды. Абай облысына жақын орналасқан "Ертіс орманы" резерватының күзеті күшейтілді. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, аймақта аптап ыстыққа байланысты өрт қауіптілігінің ең жоғарғы, 5-деңгейі жарияланды. Соған байланысты демалушылардың орманға кіруіне шектеу қойылды.

Павлодар өңірінде биыл 44 орман өрті тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, төтенше өрт қаупі болып, 250 гектардан астам алқапты жалын шарпыды. Мемлекетке келген шығын көлемі 33 миллион теңгеден асады.

Телеарна дерегінше, өртке қарсы күрес күшейтілгенмен, материалдық-техникалық базаның жағдайы сын көтермейді. Кей орман шаруашылықтары өрт сөндіру техникаларымен тек 60 пайыз қамтылған. "Ертіс орманы" табиғи резерватында өрттен қорғану жұмыстарына 600-ге жуық адам жұмылдырылды.

"Бір айдың көлемінде жалпы Павлодар облысы бойынша ормандарда 5-деңгей ең жоғарғы өрт қауіпті класы белгіленіп отыр. Соған байланысты Ертіс орманы резерватында 9 қосымша өртке қарсы бекеттер ұйымдастырылған. Орман шаруашылығы мекемесі бойынша облыстық әкімдіктің қарамағындағы 23 қосымша өртке қарсы бекеттері жұмысқа қосылған. Осы жоғарғы қауіпті кезеңде орманға демалушылардың кіруін шектеу жөнінде, сонымен қатар ормандағы орман шаруашылығымен байланысты емес жұмыстарды тоқтатуға тиісті шешімдер қабылданған", - облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының басшысы Руслан Төлепбаев.

Павлодар облысында орманға баруға толығымен шектеу қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.