jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев қайтыс болды

Жандос Мұраталиев
Жандос Мұраталиев. Фото: instagram.com/akimshilik_policia_komiteti

48 жасында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев өмірден озды. Бұл туралы комитет Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, Жандос Дүйсебайұлы Мұратәлиев ұзақ уақыт ауырғаннан кейін қайтыс болған.

Жандос Мұратәлиевтің әріптестері оның туған-туыстары мен отбасына көңіл айтты.

"Бұл орны толмас қазада қайғыларына шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Жандос Дүйсебайұлы біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - адал, үлгілі әке, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Ішкі істер органына сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады…", - деп жазылған Әкімшілік полиция комитеті парақшасында.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.