jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтөбе облысында бөбектер төбесі шұрық тесік балабақшаға барып жүр

Ақтөбе облысында бөбектер төбесі шұрық тесік балабақшаға барып жүр
Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Ақтөбенің Темір ауданы Жақсымай ауылының тұрғындары жалғыз балабақшаға жөндеу жүргізілуін талап етіп отыр. Айтуларынша бөбекжай қыста салқын, ал көктем шықса төбеден сарылдап су ағады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ғимарат 1998 жылы қолданысқа берілген. Негізінен 75 балаға лайықталған, қазір мұнда алпыс шақты бала тәрбиеленуде. Ата-аналар балабақша көптен бері күрделі жөндеу көрмеді дейді.

"2018 жылы ремонт жасалғанға ұқсай ма? 18 жылы ремонт жасалды деп жауап беріп тұр ақпаратта, ондай ремонт болған жоқ бізде", - деді ауыл тұрғыны Венера Ұйқасбаева.

Жауапты сала мамандарының айтуынша, бөбекжай 2013 жылы кешенді жөндеуден өткен. Ал 2021 жылы балабақшаға техникалық сараптама жүргізілген. Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Құжат мақұлданса, 52 млн теңге бөлінеді.

"Бұған дейін екі рет ескертумен қайтарылды. Оны жобалаушыға ұсындық. Қазіргі таңда ескертулер жойылды. Жобалық-сметалық сараптама қорытыңдысын ағымдағы жылы алу жоспарлануда. Күрделі жөңдеу жұмыстары 2024 жылы жүргізілетін болады", - облыстық білім басқармасының бас маманы Риза Қарасаев.

Ақтөбе облысында бөбектер төбесі шұрық тесік балабақшаға барып жүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.