jitsu gif

Бублик Нидерландтағы турнирдің екінші айналымына шықты

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик Нидерландтағы турнирдің екінші айналымына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Отандық теннисші Хертогенбос ATP 250 турнирінің 1/16 финалында дүниежүзілік рейтингте 126-орында тұрған, Бельгия өкілі Давид Гоффенмен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен матчта Александр Бублик 7:5, 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Ойын бір жарым сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Енді Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің үшінші айналымына шығу үшін әлемнің тоғызыншы ракеткасы, италиялық Янник Синнермен ойнайды.

Матч ертең, 14 маусымда Астана уақытымен 15.00-де басталады.

Бублик Нидерландтағы турнирдің екінші айналымына шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.