jitsu gif

Бүгін еліміздің 7 облысында аптап ыстық күтілуде

қолшатыр ұстаған тұрғын
Қолшатыр ұстаған тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәрсенбі, 14 маусымда елімізде қандай ауа райы болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында және қиыр батысында күндіз найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста және орталықта шаңды дауыл тұрып, солтүстікте тұман түсуі мүмкін.

Бұдан бөлек синоптиктердің болжамынша, бүгін Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық, Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Бүгін Алматы қаласы мен Шымкентте де жоғары ауа температурасы сақталады. Алматыда күндіз +30...+32 градусқа дейін ыстық болса, Шымкентте термометр бағаны +36...+38 градусқа дейін көтеріледі.

Сондай-ақ мамандар бүгін Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталатынын еске салды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.