jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шегені ағашқа алақанымен қағып, тісімен суыратын қарағандылық жігіт елді таңғалдыруда (видео)

23 жастағы жігіт шегені тісімен суыруда
Байбек шегені тісімен суыруда. Видеодан кадр: "Хабар24"

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Жанбөбек ауылының тұрғыны Байбек Бауыржан аса күрделі трюктар жасап, елді таңғалдырып жүр, деп хабарлайды "Хабар24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, 23 жастағы Байбек салмағы шамамен 20 тоннаға жуықтайтын ауыр жүк көлігін оп-оңай сүйрей алады. Бұл жетістікке жету үшін ол ұзақ жаттыққан.

Байбектің айтуынша, ол бастапқыда жеңіл көлікті сүйреуден бастаған. Кейін "Камазды" тартуға дайындалған. Ол үшін түрлі әдіс-жаттығулар жасаған.

"Залда штангамен отырып тұру, қандай әдіс керек, соған, байланысты ауыр салмақтармен әдіс жасадым. Одан кейін ауылға барып өзіміздің "Камазды" тартып көрдім, қолымнан келді. "Камазды" бірден тартып кеттім", - дейді Байбек Бауыржан.

Бұдан бөлек Байбек ұзындығы 200 миллиметр болатын темір шегені ағашқа алақанымен қағып, оны тісімен суыра алады. Тағы бір өнері қалың шегені санаулы секундта майыстыра алады.

Байбек мұндай қауіпті трюктарды тек 35 жасқа дейін жасайтынын, мақсаты - Гиннестің рекордтар кітабына ену екенін айтады.

Сондай-ақ ол мұндай қауіпті трюктарды үй жағдайында жасауға, әсіресе жас балаларға қайталауға болмайтынын атап өтті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.