Зектілері

"Барлық келушіге тегін": Түркістан облысының тұрғыны үйінің ауласынан зообақ ашқан (фото)

Жарияланған күні:

Тауыс
Зообақтағы тауыс. Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Әбдірахым Қошқаров үйінде ерекше аң-құстары бар зообақ ашқан. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Facebook парақшасында хабарлады.

Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, зообақта жануарлардың 30-дан аса түрі бар.

Зообақтан түлкі, қояннан бөлек, түйеқұс, тауыс, бүркіт, қаз-үйрек, сондай-ақ тауықтың сан түрін көруге болады.

Зообақ иесінің айтуынша, аңдар саны күн сайын артып келеді.

"Қазір зообағымызды толықтырып, франциялық, англиялық, голландық ешкілерді алдыртып жатырмыз. Олар күніне 5-6 литрге дейін сүт береді. Бір ерекшелігі - зообақ барлық келушілерге тегін. Бүгінде тек ауыл тұрғындары ғана келіп жатыр. Алдағы уақытта хайуанаттар қатарын көбейтіп, зообақтың ресми ашылу салтанатын өткізуді жоспарлап отырмыз", - дейді зообақ иесі Әбдірахым Қошқаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024816-barlyq-kelusilerge-tegin-turkistan-oblysynyn-turgyny-uiinin-aulasynan-zoobaq-asqan-foto/