jitsu gif

Абай облысында эвакуацияланған 200-ден аса тұрғын үйіне оралды (видео)

Абай облысында эвакуацияланған 200-ден аса тұрғын үйіне оралды
Абай облысында эвакуацияланған 200-ден аса тұрғын үйіне оралды. Скриншот: "Хабар 24" арнасы

Абай облысында ірі орман өрті салдарынан көшірілген жеті ауылдың тұрғындары үйлеріне оралды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Талица және Половинка ауылдарының тұрғындары электротехника колледжінің эвакуациялау пунктінде бір аптаға жуық уақыт болған.

"Біз қазір өте қуаныштымыз. Дайындалып, үйге қайтып жатырмыз. Барлығымызға тамақ, киім-кешек берілді. Еріктілер де, техникум студенттері де бізге көмектесті", - деді Талица ауылының тұрғыны Галина Колесник.

Арна мәліметінше, эвакуациялық пункттерде Успен, Поднебесное, Барышевка, Бұлақ, Талица, Половинка және Қаштак ауылдарының тұрғындары - барлығы 200-ден астам адам болған.

"Қашан келгеніміз есімде жоқ. Төрт, әлде бес күн бұрын сияқты.Әрине, бәріміз үйге оралатынымызға қуанып жүрміз. Көмектескен барша адамға алғысымыз шексіз. Бізді қарсы алып, ас-суын ұсынып жатқандарыңызға рахмет", - деп бөлісті Половинка ауылының тұрғыны Әлия Қалиахметова.

Арна мәліметінше, Абай облысына өзге өңірлерден де гуманитарлық көмек келіп түсуде. Бір күн бұрын Қарағанды, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары мен Астанадан жүк көліктері келген. Барлық гуманитарлық көмек сауда-логистикалық орталықтардың бірінің қоймасына түсірілді.

"Көмекке сусындар, тамақ дайындауға қажетті өнімдер, жеке гигиеналық заттар кіреді. Осының барлығын қоймаларға жеткізіп, санын бөлек жазып, тізіммен волонтерлар арқылы жедел штабқа жібереміз", - деді облыстық мәслихаттың төрағасы Абай Қуаныш Сүлейменов.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.