Top.Mail.Ru

Зектілері

Өрт шығу қаупі, аптап ыстық: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Көшеде кетіп бара жатқан ер адам
Жаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 16 маусымда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы, қиыр шығысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ еліміздің батысында бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Республика бойынша жел күшейіп, ел орталығында жел соғып, шаңды дауыл тұруы да мүмкін.

Бұдан бөлек, бүгін күндіз Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Түркістан облыстарының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Бүгін күндіз мегаполистерде де күн ыстық болады. Алматыда ауа температурасы +31...+33 градус болса, Шымкентте +36...+38 градусқа дейін көтеріледі. Ал Астанада термометр бағаны +26...+28 градусты көрсетеді.

Сондай-ақ жұмада Жетісу, Абай, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде және шығысында, Павлодар облысының солтүстігі мен батысында өрт шығу қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025005-ort-sygu-qaupi-aptap-ystyq-bugin-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/