Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-2023: 4 аптада үміткерлердің ешқайсы максималды балл жинамаған

Жарияланған күні:

ҰБТ
ҰБТ. Көрнекі фото: Рixabay.com

Негізгі ҰБТ басталғалы бері 169 мың реттен астам тестілеу тапсырылған. Шекті баллды үміткерлердің 77 пайыздан астамы жинады. Бұл туралы бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігі Facebook-тегі ресми аккаунтында хабарлады.

​"Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 169 мың реттен астам тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы қазақ тілінде, 26 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өтті", – делінген хабарламада.

​Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, ҰБТ басталғалы шекті балды 77 пайыздан астам талапкер жинаған. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құраған. Ең жоғары балл – 137, оны еліміз бойынша үш талапкер жинаған.

"ҰБТ-ның төртінші аптасы аяқталды. Талапкерлер тестілеудің екінші мүмкіндігін тапсыруда. Осы аптада біз IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын "Ағылшын тілі" бойынша ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласын жарияладық. Сондай-ақ, SAT, ACT, IB, A-Level стандартталған тест балдары бекітілді. Осы сертификат иегерлеріне нәтижелерін ҰБТ балына конвертациялауға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 486 талапкер қатысқан.

Бүгінгі таңда 229 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 175 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Ведомствоның айтуынша, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025140-qazaqstandagy-ubt-4-aptada-umitkerlerdin-esqaisy-maksimaldy-ball-zinagan-zoq/