Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметінен кеткеннен кейін жазба жариялады

Жарияланған күні:

Даниял Ахметов
Даниял Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұрынғы әкім Instagram-дағы ресми парақшасында облыс тұрғындарына арнап қоштасу жазбасын жариялады.

Шығыс Қазақстан облысын 9 жыл басқарған Даниял Ахметов облыс тұрғындарына арнап желідегі парақшасында арнайы жазба қалдырып, оларға алғысын білдірді.

"Құрметті жерлестер! Бірнеше жыл бойы біз Шығыс Қазақстан облысының жоспарлы және серпінді әлеуметтік – экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру сияқты ортақ мақсат-мүддені көздеп, бірге етене жұмыс істедік. Сіздермен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Және жұмысында басты қағидаттарды ұстанған, яғни адамдарды есту, негізгі бағыттарын Президентіміз - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудағы командамның бір бөлігі болғандарыңызға қуаныштымын", - деді ол жазбасында.

Экс-әкім осы жылдар аралығында түрғындармен бірге біраз жетістікке жеткенін атап өтті.

"Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Сіздермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымды мақтан тұтамын, үнемі көрсеткен баға жетпес еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер Шығыс Қазақстан облысы мен жалпы республиканың өркендеуі үшін табысты жұмысты жалғастыруға ықпал ететіндеріңізге сенімдімін. Алдағы уақытта да Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының игілігі үшін тың жобалар мен идеяларды батыл іске асыруларыңызға шын жүректен тілектеспін!", - деп жазды ол парақшасында.

Айта кетейік, кеше Даниал Ахметов 69 жасқа толды.

Даниял Ахметовтың лауазымдық өкілеттігі бүгін аяқталды. Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мемлекет басшысының жарлығымен былтыр ШҚО әкімінің лауазымдық өкілеттігі 2023 жылдың 15 маусымға (15 маусымды қоса алғанда) дейін ұзартылғанын атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025159-danial-axmetov-sqo-akimi-qyzmetinen-ketkennen-keiin-oblys-turgyndaryna-zazba-zariyalady/