jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздегі мегаполистердің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады деп күтілуде

Гүлді дала
Гүлді дала. Фото: pixabay.com

18 маусым күні Қазақстанның ірі қалаларында күн ыстық болады деп күтіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, Алматы қаласында күндіз ауа температурасы +33... +35 градус, түнде +18... +20 градус болады. Жел екпіні 3-8 м/с.

Астанада ауа температурасы +30... +32 градус болмақ, күндіз жел екпіні 15-20 м/с. дейін жетеді. Түнде +14... +16 градус болады, жел екпіні 9-14 м/с, дейін жетеді.

Түркістан қаласында күндіз ауа температурасы +38... +40 градус ыстық болады, жел екпіні 8-13 м/с. Түнде ауа температурасы +23... +25 градус болады, жел екпіні 15-20 м/с. дейін жетеді.

Шымкент қаласында да күндіз ауа температурасы +38... +40 градус ыстық болады деп күтілуде, жел екпіні 8-13 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +21... +23 градус болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағандыда күндіз ауа температурасы +32... +34 градус ыстық болады, түнде +12... +14 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. құрайды.

Семей қаласында күндіз ауа температурасы +33... +35 градус ыстық болады, алайда түнде +15... +17 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. құрайды.

Ақтөбеде күндіз ауа температурасы +29... +31 градус ыстық болса, жел екпіні 9-14 м/с. құрайды. Түнде +18... +20 градусқа дейін төмендейді, жел екпіні 15-20 м/с. дейін жетеді.

Павлодарда күндіз ауа температурасы +30... +32 градус ыстық болады, түнде +13... +15 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. құрайды.

Тараз қаласында күндіз ауа температурасы +38... +40 градус ыстық болса, жел екпіні 9-14 м/с. құрайды. Түнде +21... +23 градус, жел екпіні 15-20 м/с. дейін жетеді.

Өскеменде күндіз ауа температурасы +32... +34 градусқа дейін ыстық болады, желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде +11...+13 градусқа төмендейді, жел екпіні 7-12 м/с.

Оралда күндіз ауа температурасы +23... +25 градус, жел екпіні 18 м/с. құрайды. Түнде +16... +18 градус, жел екпіні 9-14 м/с. дейін жетеді.

Атырау қаласында күндіз ауа температурасы +27... +29 градус ыстық, түнде +21... +23 градусқа жетеді, жел екпіні 9-14 м/с.

Қостанайда күндіз ауа температурасы +19... +21 градус жылы болады, жел екпіні 9-14 м/с. құрайды. Түнде +12... +14 градус, жел екпіні 15-20 м/с. дейін жетеді.

Қызылорда қаласында күндіз ауа температурасы +38... +40 градус ыстық болады, түнде +23... +25 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. құрайды.

Ақтауда күндіз ауа температурасы +25... +27 градус, ал түнде +20... +22 градус болады. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. құрайды.

Талдықорғанда күндіз ауа температурасы +33... +35 градус ыстық болады, алайда түнде +10... +12 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. құрайды.

Көкшетау қаласында күндіз ауа температурасы +23... +25 градус, жел екпіні 9-14 м/с. құрайды. Түнде +16... +18 градусқа дейін төмендейді, жел екпіні 15-20 м/с. дейін жетеді.

Бүгін еліміздегі мегаполистердің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.