Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда әкімі Instagram-дағы парақшасында қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарының есебін жариялады

Жарияланған күні:

Жол асфальттап жатқан каток
Жол асфальттап жатқан каток. Фото: Instagram / @jenis_qasymbek

17 маусым күні Астана қаласы әкімінің Instagram-дағы жеке парақшасында қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарының есебі жарияланды.

"Қала мен тұрғындардың өсуін назарға ала отырып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің нысандарын салумен бірге, жол инфрақұрылымын дамытуға да көңіл бөлеміз. Биыл қалаға 400 автобус жеткіземіз. Ал басым бөлігі шілде айынан бастап жеткізіле бастайды", - делінген әкімнің жеке парақшасында.

Астана қаласының әкімі мен құрылысшылар
Астана қаласының әкімі мен құрылысшылар. Фото: Instagram / @jenis_qasymbek

Сондай-ақ оның сөзінше, қала жолдарындағы көлік ағынын сейілту үшін биыл Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады.

Құрылыс жұмысы жүріп жатқан көпір
Құрылыс жұмысы жүріп жатқан көпір. Фото: Instagram / @jenis_qasymbek

"Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді, сол сияқты сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді", - деп жазады ол.

Жол асфальттап жатқан каток
Жол асфальттап жатқан каток. Фото: Instagram / @jenis_qasymbek

Сонымен қатар әкім барлық ауданда жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын және биыл ұзындығы 54 километрден асатын 70-тен астам көшені жөндеу жоспарлануда екенін айтты.

Құрылыс жұмыстары
Құрылыс жұмыстары. Фото: Instagram / @jenis_qasymbek

"Мәселен, олар Ғұмар Қараш, Қордай, Бурабай, Белжайлау көшелері, Кенесары көшесінің Ғабдуллин көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралығы, Уәлиханов көшесінің Кравцова көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралығы, Тәшенов көшесінің Республика даңғылынан Амман көшесіне дейінгі тұсы, Иманбаева көшесінің Иманов көшесінен Кенесарыға дейінгі аумағы, Әл-Фараби даңғылының Алаш тасжолынан Пушкин көшесіне дейінгі жері, Жеңіс даңғылының Бөгенбай батыр тұсынан Кенесары көшесіне дейінгі аралығы, Еңбекшілер көшесінің құрылысы Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесіне дейінгі тұсы; Рысқұлов көшесінің Мәңгілік ел даңғылынан Қайсенов көшесіне дейінгі аралығы, Сарыарқа, Р.Қошқарбаев даңғылдары және т.б. Биыл шамамен 300 көше жөндеуден өтеді", - деді ол жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025267-elorda-akimi-instagram-dagy-paraqsasynda-qalanyn-infraqurylymyn-damytu-boiynsa-zumystarynyn-esebin-zariyalady/