jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Астанадағы Kaspi Bank филиалында кепілден босатылған адамдардың жағдайы туралы белгілі болды

Медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кепілге алынғандардың ешқайсысын ауруханаға жатқызудың қажеті жоқтығын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Kaspi Bank ғимаратында кепілден босатылғанның ешқайсысы жараланбаған.

"Өткір стресс реакциясы диагнозы бар кепілден босатылған үш адамды жедел жәрдем қызметкерлері тексерген. Ешқайсысын ауруханаға жатқызудың қажет болмады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін 18 маусым күні қарулы ер адам Астанадағы "Керуен" сауда орталығы маңындағы банк ғимаратында адамдармен бірге ішінен есікті құлыптап алғаны туралы хабарлама түскен болатын.

Кейін әлеуметтік желіде Kaspi банк филиалында қарулы ер адамның банк филиалына келушілерді қамап ұстағаны туралы оқиға орнынан фото-видеолар жарияланған болатын.

Алайда Kaspi Bank бұл ақпаратты жоққа шығарып, банк ғимаратында тек компания қызметкерлері бар екенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, заң бұзушы талаптарын қоя бастағандықтан, Ішкі істер министр Марат Ахметжанов оқиға орнына келіп, Каspi Bank қызметкерлерін кепілге алған заң бұзушымен келіссөз жүргізе бастаған.

"Талаптары заңсыз. Түрлі талаптар болды. Мен кіріп, сөйлестім. Ол белгілі бір есепшоттарға ақша аударуды, туыстары мен жақындарына көмектесуді сұрады. Келіссөзге оның туыстарын қатыстырдық. Онымен сөйлессін деп. Бірақ ол (туыстарының - ред. түсініктемесі) шарттарына көнбеді", - деді Ішкі істер министрі.

Көп ұзамай арнайы жасақ банк ғимаратына баса-көктеп кіріп, заң бұзушыны ұстаған. Ал кепілде болған банк қызметкерлері босатылды.

Астанадағы Kaspi Bank филиалында кепілден босатылған адамдардың жағдайы туралы белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.