jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Достық даңғылы маңында естілген атыс дауысы алматылықтарды шошытты (видео)

Тапанша
Тапанша. Көрнекі фото: Рixabay.com

Бүгін Алматыдағы Достық даңғылының бойында орналасқан үйлердің тұрғындарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы маңынан шыққан атыс дауысы шошытты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атыс дауысы естіліп жатқан сәтті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Бұл видео Telegram-дағы ZTB QAZAQSTAN арнасында жарияланды. Кадрлардан шынымен атыс дауысын естуге болады.

Атыс дауысына қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қазіргі уақытта академияда курсанттардың оқу бітіруіне орай дайындық жүріп жатыр.

Оқу бітіру кешіне арналған шара 24 маусымда өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкенттегі "Ақтас" далалық оқу-жаттығу орталығында "Найза-антитеррор-2023" республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізген болатын.

Достық даңғылы маңында естілген атыс дауысы алматылықтарды шошытты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.