Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы газ баллонын толтыру станциясындағы жарылыс кезінде зардап шеккендердің саны артты

Опубликовано:

Шемонаихадағы жарылыс
Шемонаиха қаласы газ баллонын толтыру станциясында болған жарылыс. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша зардап шеккендердің саны төртке дейін өсті, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бүгін ШҚО-ның Шемонаиха қаласында Украинская көшесіндегі газ баллондарын толтыру станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шыққан болатын. Өрттен 5 бірлік техника жанып кеткен еді.

Кейінірек сағат 14:44-те өрт сөндірушілер өрттің таралуын тоқтата алды.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Шемонаиха аудандық ауруханасына термиялық күйік шалған төрт адам жеткізілген. Бұған дейін зардап шеккен екі адам туралы хабарланған болатын.

"Зардап шеккендердің екеуі ауыр халде Орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, олардың денелерінде үлкен күйік бар. Тағы екі зардап шегушінің (ер адам мен әйел адам) денесінің 15-20 пайызын күйік шалған, олар хирургиялық бөлімшеге жатқызылды, жағдайлары орташа ауыр деп бағалануда", – деп хабарлады NUR.KZ тілшісіне облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетілетіні атап өтілген.

"Ауруханада медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті көлемі бар, дәрі-дәрмектердің де барлық қажетті көлемі бар.

Сонымен қатар, Шемонаихаға ШҚО ДБ құрамында бас штаттан тыс мамандары – облыстың бас травматологы және бас реаниматологы бар санитарлық медициналық авиация бригадасы осы науқастарды емдеуге көмек көрсету үшін Өскемен қаласынан келді", – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аудандық ауруханада Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026011-sqo-dagy-gaz-ballonyn-toltyru-stanciyasyndagy-zarylys-kezinde-zardap-sekkenderdin-sany-artty/