jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бір мегаполисте +8 градусқа дейін салқындайды: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жауын-шашын
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 23 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы туралы мәлімет "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның барлық аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан бүгін ел аумағында найзағай мен жаңбыр сақталады.

Тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жауып, оңтүстік-батыста дауыл және шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсуі ықтимал. Ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының солтүстік-батысында түнде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүруі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада да жаңбыр жауып, түнде ауа температурасы +8…+10 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Десе де, күндіз елордада +18…+20 градус аралығында жылы болмақ. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен, күн күркіреп, найзағай ойнауы ықтимал. Соған қарамастан оңтүстік астанада бүгін күндіз +29…+31 градус аралығында, түнде +18…+20 градус аралығында жылы болмақ. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с деңгейінде болады, найзағай кезінде 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз қалада +32…+34 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы +18…+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Бұдан бөлек, синоптиктер жұмада Түркістан, Маңғыстау, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, орталығында, Жетісу облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Бір мегаполисте +8 градусқа дейін салқындайды: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.