jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Италияда "Балбырауын" күйін орындаған қазақ өнерпаздары көпшілікті тәнті етті

Қазақ жастары
Қазақ жастары. Скриншот: instagram.com/kurmangazy_orkestri

Әлеуметтік желіде ұлттық киіммен Италияда күй орындаған қазақ өнерпаздарының видеосы тарады. Әйгілі Колизей ескерткішінің жанында "Балбырауын" күйін шерткен бір топ Құрманғазы оркестрінің өнерпаздары көпшілікті тәнті етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Құрманғазы оркестрінің Instagram желісінде жарияланды.

"Құрманғазы оркестрі Италия жеріндегі әлемнің жаңа жеті кереметінің қатарындағы Колизей мұнарасының алдында күйден шашу шашып, жергілікті халықтың ыстық-ықыласына бөленді. Ұлттық оркестрдің Италияға жоспарлаған гастрольдік сапары өз мәресіне жетті", - деп жазылды Құрманғазы оркестрінің жазбасында.

Ал желі қолданушылары қазақ жастарының өнеріне риза болып, жылы лебізін жаудырды.

"Керемет", "Жарайсыңдар", "Қазағымның жастары жасасын", "Тамаша", - деп жазды желідегілер.

Италияда "Балбырауын" күйін орындаған қазақ өнерпаздары көпшілікті тәнті етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.