jitsu gif

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн салқындайды

Жаз мезгілі
Жаз. Көрнекі фото: Рixabay.com

Синоптиктер жексенбі, маусымның 25-і күні Астана, Алматы және Шымкентте болатын ауа райы туралы айтты. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Алматыда бүгін көшпелі бұлт шығады. Ыстық басылады, болжамдар бойынша ауаның тәуліктік температурасы +27...+29 градус болады. Күндіз желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Жексенбі күні Астанада жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы күндіз +20...+22 градус. Күндіз желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады.

Шымкентте де синоптиктер аптап ыстықтың аздап төмендеуін болжап отыр - ауа температурасы күндіз +29...+31 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр.

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн салқындайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.