jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Астанадағы Шоқан Уәлиханов көшесі үш күнге жабылады

Розыбакиев көшесі уақытша жабылады
Көрнекі фото: Pixabay.com

Астанадағы Шоқан Уәлиханов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шоқан Уәлиханов көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталған.

"Осыған байланысты 25-28 маусым аралығында Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесі дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады", – делінген хабарламада.

Соған байланысты әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды өтінген.

Астанадағы Шоқан Уәлиханов көшесі үш күнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.