Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы – Екатеринбург тас жолының аса қауіпті жерлеріне жол апатына түскен 6 көлік ескертпе ретінде қойылды (видео)

Жарияланған күні:

Алматы – Екатеринбург тас жолында жол апатына түскен көлік жол бойына қойылды
Тас жолға қойылған жол апатына түскен көлік. Видеодан кадр: Рolisia.kz

Қарағанды облысынан өтетін Алматы – Екатеринбург тас жолының аса қауіпті жерлеріне жол апатына түскен 6 көлік ескертпе ретінде орналастырылған. Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы хабарлады.

Медиа-порталдың хабарлауынша, Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов жұмыс сапарымен Балқаш өңіріне барған.

Сапар барысында ол жазғы маусым басталғалы Балқаш өңіріне демалушылардың көп келуіне байланысты сол жаққа апаратын Алматы – Екатеринбург тас жолының жағдайымен танысқан.

"Осы бағыттағы жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында Қарағанды облысынан өтетін тас жолдың аса қауіпті жерлеріне 17 ескертпе банер ілініп, 2 патурльдік көліктің макеті қойылды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасына түскен 6 көлік әр жерлерге ескертпе ретінде орналастырылған", – дейді құқық қорғау өкілдері.

Жолдағы қауіпсіздік жағдайымен танысқаннан кейін департамент бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов қалалық әкімдікке қарасты Торанғалық және Шұбартүбек елді мекендеріне арнайы барған.

Аталған елді мекендерде 39 демалыс орны бар. Бұл жерге тек Қазақстаннан ғана емес, алыс-жақын шет елдерден келіп демалатындар бар көрінеді. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл жерге жазғы маусымда шамамен 80 мың демалушы келеді екен.

Сондықтан Ысмағұлов қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында осы елді мекендерге уақытша полиция пунктін ашып, облыстық полиция департаментімен қалалық полиция басқармасынан қызметкерлерді қызмет атқаруға әкелген.

"Балқаш қаласына келіп демалушылардың қауіпсіздігін қадағалау, демалушылар арасында құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы жерде уақытша полиция пунктін аштық. Осыған орай облыстан тәртіп сақшыларын әкеліп, олар 1 қыркүйекке дейін осы аумақта қызмет атқарады.

Демалушылар арасында кей жағдайларда заңға қайшы әрекет ететіндер де көп кездесіп жатады. Сондықтан бұл жаққа келген полиция қызметкерлері тәртіпті қадағалау мақсатында жұмыс атқаратын болады", – дейді Құрманғали Ысмағұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026307-almaty-ekaterinburg-tas-zolynyn-asa-qauipti-zerlerine-zol-apatyna-tusken-6-kolik-eskertpe-retinde-ornalastyrylgan-video/