jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Петропавлда 70 жастағы зейнеткер тастан сарай салып, ауласын көне Еуропаға айналдырған (видео)

Петропавл тұрғынының тастан жасаған сарайы
Петропавл тұрғынының тастан жасаған сарайы. Видеодан кадр: youtube.com/@Khabar24

Петропавл қаласының тұрғыны, зейнеткер Анвар Файзулин өзі тұратын үйдің маңындағы жардың жиегіне тастан ғажайып сарай салып, ауласын көне Еуропаға айналдырған. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, Анвар Файзулин тура жардың жиегінде тұрады. Тұрғынның сөзінше, тік еңістен жыл сайын топырақ құлап, үйдің алды күл-қоқысқа толып қала беретін болған.

Сондықтан зейнеткер жардың баурайына тастан сарай салып, берік бекініс жасауды ұйғарған. Енді бұл жер көне Еуропаға ұқсайды.

"Өзіме да, адамдарға да ұнайды. Жардың жиегінде отырып күннің шыққаны мен батқанын көру тіпті ғажап. Бұған көп ақша да кетпейді. Ынта болса болды", - дейді Анвар Файзулин.

Телеарна ақпаратынша, зейнеткер сарайды барынша шынайы етіп салуға тырысқан. Тіпті, мұнара, көпір, қақпаларына дейін ұқсатып қашап, жардың жиегін мыңдаған таспен бекіткен. Шағын сарай қазір биік қорғанға ұқсаған.

Сонымен қатар 70 жастағы тұрғын жардың жиегін жасыл желекпен де көмкерген. Қазір бұл жерде шырша, қарағай, арша секілді қылқан жапырақты ағаштар өседі. Сондай-ақ шебер кезекті туындысын жасауға кірісіп жатқанын айтады.

"Бұл менің сүйікті ісім. Сондықтан уақыттың қалай өтіп кеткенін де байқамай қаламын. Бір бос орын бар. Сол жерге тағы бір мешіт салсам ба деймін. Мұнарасын тауып қойдым. Енді қасбетін сызып жасау керек", - дейді Анвар Файзулин.

Петропавлда 70 жастағы зейнеткер тастан сарай салып, ауласын көне Еуропаға айналдырған (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.