jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ел күнтізбесінде Ұлттық баспасөз күні пайда болмақ

Бүктелген газеттер
Жиналған басылымдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордадағы Ұлттық музейде БАҚ қызметкерлерінің төл мерекесіне орай көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі күнтізбеде 2 ақпан - Ұлттық баспасөз күні болып белгіленетінін атап өтті. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, БАҚ қызметкерлерінің төл мерекесіне орайластырылған көрме баспасөз, радио және телевизия салаларына қатысты бөлімдер таныстырылған. Көрмеде көрермен назарына ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталатын тарихи құжаттар мен газеттердің көшірмелері, қолжазбалар, кітаптар, түрлі техника және ескі суреттер қойылған.

Көрменің ашылу салтанатына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты. Ол өз сөзінде ел күнтізбесінде Ұлттық баспасөз күні пайда болатынын атап өтті.

"Қазақ" газеті дүниеге келген 2 ақпанды Ұлттық баспасөз күні деп белгілеу туралы ұсыныс болғаны белгілі. Министрлік бұл ұсынысты қолдап, тиісті жұмыстар жүргіздік. Қазір енді тіркелу үстінде. 1-2 күннің ішінде жария болады деп ойлаймыз", - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Министр журналистика күнінен бөлек, газет саласында жүрген әріптестерімізге бұл кәсіби мереке ретінде аталып өтілетінін айтты.

"Мен өзі ЕҰУ журналистика кафедрасында сабақ беремін. Қазір ойлап отырмын. Бізде қазақ журналистикасының тарихы деген пән жүреді. Сол сабақты осы жерге әкеліп өткізуге болады екен. Барлық көрнекі құралдар тұр. Газет қалай шықты? Жас журналистердің көпшілігі білмеуі мүмкін. Сондықтан құтты болсын! Бұл көптен күткен, баяғыдан болу керек музей еді ғой". - деді көрме туралы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Оңайгүл Тұржан.

Ел күнтізбесінде Ұлттық баспасөз күні пайда болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.