jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Астана мен Алматыда күн жаңбырлы болуы мүмкін

жаңбыр111
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Бүгін, 28 маусымда Астана мен Алматыда күн жауын-шашынды болуы мүмкін. Ал Шымкентте күн ашық әрі жылы болады деп күтілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +20....+22 градус жылы болмақ. Сонымен қатар елордада жел соғып, жылдамдығы 9-14 м/с, екіпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматыда бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз қалада +30…+32 градус ыстық болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с жетеді, дегенмен найзағай кезінде 13 м/с дейін жетуі ықтимал.

Шымкентте бүгін күн жауын-шашынсыз әрі ыстық болады деп болжануда. Шаһарда күндіз сынап бағаналары +31...+33 градусқа дейін көтеріледі. Осы ретте, жел 8-13 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін.

Бүгін Астана мен Алматыда күн жаңбырлы болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.