jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Астана көшелерінің бірінде бір бағытты қозғалыс енгізілді

жолдағы көліктер
Жолдағы көліктер. Көрнекі фото: Ditto/Getty Images

Астанадағы Егемен Қазақстан көшесінің бульвар бөлігінде бір бағытты қозғалыс енгізілді. Бұл туралы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Instagram парақшасында хабарлады.

28 маусымнан бастап Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Егемен Қазақстан көшесінің Кенесары көшесі мен Абай даңғылы арасындағы бульвар бөлігінде бір бағытты қозғалыс енгізілді.

"Бұл шешім көшелердің жүріс бөлігінің және іргелес бөліктерінің қолданыстағы параметрлерін, сондай-ақ оларда жол қозғалысын ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып қабылданды, бұл тиісті өткізу қабілеті мен қауіпсіз қозғалыс жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Астанадағы жолдың бір бөлігі
Астанадағы көше. Скриншот: 2gis.kz/astana

Басқарма өкілдері қала тұрғындарынан жоспарланған өзгерістерді назарға алуды және жол қауіпсіздік ереже талаптарын сақтауды сұрайды.

Астана көшелерінің бірінде бір бағытты қозғалыс енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.