jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Атырауда сыйлық тарату кезінде болған жағдай желіде қызу талқыға түсті

адамдар кептелісі
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_kuljinka

Әлеуметтік желіде Атырауда алаңда сыйлық таратып жатқан кездегі дүрбелеңнің видеосы пайда болды. Бұл жайтқа қатысты Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде тараған видеодан киіз үйлердің маңында тұрғындарға тегін сыйлық таратылғанын, сыйлық алғысы келген жанның көптігінен адамдардың қысыла бастағанын байқауға болады.

Желі қолданушылар бұл жағдайды сынға алды.

"Ұйымдастырушылар қашан осындай жағдайға жеткізбеуді үйренеді екен? Жылда қайталанатын жағдай, мұндай жаңалықтар қазір таң қалдырмайды", "Не деген ұят!", "Балаларға тәттілер таратқанның өзінде олар бұлай жүгірмейді. Ұят, енді бұл! Не деген айғай?!", – деп жазады пікір білдірушілер.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл жайт 28 маусым күні Исатай мен Махамбет алаңында Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде болған.

"14 киіз үй тігілді. Кейбірінде балаларға сыйлықтар (тәттілер) таратылды. Мыңға жуық сыйлық болды. Оларды тарату кезінде шағын кезек пайда болды. Ешкім медициналық қызметкерлер мен тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ. Осы жайттан кейін еріктілер киіз үйлерден шығып, сығылысу болмас үшін алаңда сыйлық таратуды жалғастырды", – деп хабардар етті ведомстводан.

Атырауда сыйлық тарату кезінде болған жағдай желіде қызу талқыға түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.