jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"40 градус ыстық, қатты жаңбыр": шілденің алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстаған қыздар
Қолшатыр ұстаған қыздар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 1-3 шілде, алдағы үш күнге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп күтілуде.

Синоптиктер тек 1-2 шілдеде республиканың солтүстігі мен орталғында, 2-3 шілдеде шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын болжады.

Сонымен қатар 3 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ауа райы болжамы бойынша 1-2 шілдеде еліміздің батысында, 2-3 шілдеде солтүстік-батысында, 1 шілдеде еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады.

Мамандар күндіз батыста ауа температурасы +27...+35 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік-батыста +22....+32 градусқа дейін жылы болатынын болжады.

Қазақстанның олтүстігі мен орталығында +30...+35 градусқа дейін, шығысында +25...+33 дейін ыстық болады.

Ал еліміздің оңтүстік-шығысында +32...+37 градусқа дейін күн ысыса, оңтүстігінде +32...+40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

"40 градус ыстық, қатты жаңбыр": шілденің алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.