jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

600-ден аса талапкер ережені бұзғаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Телефонына жасырын қарап отырған қыз
Телефонына жасырын қарап отырған қыз. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда 2023 жылғы негізгі ҰБТ-ның алтыншы аптасы аяқталды. Алтыншы аптаның қорытындысы туралы Ұлттық тестілеу орталығы Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері түлектер 267 мыңға жуық мәрте тест тапсырған.

Орталық талапкерлердің 76 пайызы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өткенін хабарлады. Сондай-ақ

  • шекті балды 79 пайыздан астам талапкер жинады;
  • орташа балл – 70 балл;
  • 719 рет ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты;
  • ең жоғары балл – 137.

ҰТО өкілдері жүздеген талапкер ережені бұзғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылғанын және аудиториядан шығарылғанын атап өтті.

"Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 365 талапкер айырылды;

Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 273 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар орталық 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізілетінін мәлімдеді. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкерлердің ҰБТ нәтижелері жойылатынын ескертті.

Бұдан бөлек, ҰТО өкілдері талапкерлер ҰБТ аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алатынын, сертификат апелляцияның шешімінен кейін тестіленушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болатынын атап өтті.

600-ден аса талапкер ережені бұзғаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.