Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

45 жыл өмірін адам өмірін сақтап қалуға арнаған қазақстандық сүңгуірші өмірден өтті

Опубликовано:

Анатолий Балашов
Анатолий Балашов. Фото: Анатолий Балашовтың жеке мұрағатынан/pavlodarnews.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің құрметті ардагері, бірінші дәрежелі сүңгуірші Анатолий Балашов 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Рavlodarnews.kz басылымы хабарлады.

Басылымның Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, құтқару қызметінің ардагері Анатолий Поликарпович Павлодар қаласындағы ең көне кәсіпорындардың бірі – Октябрь зауытында жұмыс істеген. 

1975 жылдың қарашасында өндіріс қызметкері, белсенді спортшы суда құтқару қоғамына жұмысқа ұсынылып, бірден сүңгуірдің шәкірті болып қабылданған. Қара теңіз флоты арнайы сүңгуірлер отрядының бұрынғы бас бригадирі Вячеслав Шарапов жаңадан келген жігітке су асты кәсібінің қыр-сырын үйреткен. 

"Анатолий Поликарпович өзі таңдаған мамандығына адал болып, 45 жыл өмірін адам өмірін сақтап қалуға арнады. Жедел құтқару жасағының жас қызметкерлерінің бірнеше жас буынын тәрбиеледі. Ол сегіз мың сағаттан астам су астында өткізген", – деп еске алады әріптестері.   

2011 жылы Анатолий Балашов құрметті еңбек демалысына шыққан, бірақ соған қарамастан ұжымында жұмысын жалғастырған. Көп жылғы еңбегі үшін Анатолий Балашов көптеген марапатқа, соның ішінде "Суға батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін" медалімен екі рет марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027034-45-zyl-omirin-adam-omirin-saqtap-qaluga-arnagan-qazaqstandyq-sunguirsi-omirden-otti/