Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдымнан "апа" деп жүгіріп шығады": Түлкібасқа түскен Оңтүстік Кореялық келіннің енесі шындығын айтты

Опубликовано:

Суджин Ли шай құюда
Суджин Ли. Скриншот: "Түркістан" арнасы

Оңтүстік Кореяда туып өскен Суджин Ли дәм тартып, Қазақстанға келін болды. 26 жастағы кәріс қызы Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауылында тұрып жатыр, деп хабарлайды "Түркістан" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Осыдан екі ай бұрын кореялық келіннің беташары желіде қызу талқыланған болатын. Бүгінде сол видеоның кейіпкері Қазақстандағы келіндік өмірге үйреніп жатыр.

Бүгінде Суджин ұлттық салт-дәстүрге сай басына ақ орамал тағып, әулеттің үлкендеріне сәлем салды. Тіпті, ислам дінін қабылдап, мұсылманып атанып үлгерген.

Қолына ақ құсын қондырған қазақ жігітінің есімі - Сәкен. Ол Оңтүстік Кореяда бес жыл жұмыс істеген. Әуелі достықтан басталған сезім әрі қарай махаббатқа ұласады. Екі жақтың ата-анасы да жастардың қалауына еш қарсылық танытпапты.

"Анасымен, әке-шешесімен таныстым. Кейін рұқсатын беріп, осы жаққа алып келдім ғой. Кәріс тілін әйелім өзі оқытып, үйретті. Мен үйдің бесінші қабатында тұрсам, ол бірінші қабатында тұрды", - дейді Сәкен Бауыржан.

Суджин болса, өзін бұл елде бөтен санамай, ата-енесінің көңілін табу үшін барын салып жүр. Оған бауырсақ пісіріп, ет асуды абысындары мен енесі үйретуде. Ал тілді түсінбей жатқанда жолдасы екі ортада дәнекер болады. Қайын атасы кореялық келін түсетінін естігенде, қобалжығанын жасырған жоқ.

"Балам елге келерден екі-үш ай бұрын келін әкелетінін айтты. Басында қобалжыдық. Кореялық келін қалай болар екен дедік. Міне, екі айдай болды, үйреніп кеттік" - дейді Бауыржан Мақұлбек.

Суджин туралы үлкен енесі де жақсы пікірде.

"Далада жүрсек, "шай ішіңіздер" деп шақырады үйге. Алдында екі-үш күн Шымкентке барып келсем, алдымнан "Апа" деп жүгіріп шықты. Еріп кетесің ғой мұндайда. Кішкентай балаларды көтеріп алады", - дейді Суджиннің үлкен қайын енесі Нағима Мақұлбекова.

Бүгінде Суджин Ли қазақ тілін үйрену үшін күш салуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027067-sai-quiyp-salem-salady-ontustik-koreyalyq-boizetken-tulkibasqa-qalai-kelin-boldy-video/

pixel