jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бүгін Қазақстанның үш мегаполисі мен бірнеше облысында аптап ыстық күтіледі

Суға шомылуға кетіп бара жатқан қыздар
Суға шомылуға кетіп бара жатқан қыздар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жексенбі, 2 шілдеде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгінде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, қиыр шығысында найзағай мен жаңбыр сақталады.

Бұл өңірлерде күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы да мүмкін. Сондай-ақ түнде және таңертең тұман күтіледі.

Республиканың қалған аумағында бүгін күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Сонымен қатар жексенбіде Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында аптап ыстық күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің үш мегаполисінде де күн ыстық болады. Мәселен, Астанада ауа температурасы 31-33 градусқа дейін көтерілсе, Алматыда 33-35 градусқа дейін, Шымкентте 36-38 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Бұдан бөлек, бүгін Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.

Мамандар ал Қызылорда облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы, Солтүстік-Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.