Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік коллекционер өзі тұратын ауланы адам танымастай өзгертіп тастады (видео)

Опубликовано:

аула
Кілемдердің суретімен көмкерілген аула. Видеодан кадр: "Хабар24"

Шымкент қаласында қарапайым аула қоршауы өнер туындысына айналды. Белгілі коллекционер Дана Бектаева қоршау қабырғасына қазақ кілемдерінің суретін салдыртқан. Ол осы әдіс арқылы ұлттық қолөнерді дәріптеуді көздейді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна мәліметінше, қала орталығындағы аула қоршауы көздің жауын алады. Бір кездері сұрықсыз болған материал енді қазақ кілемдерінің бейнесімен жарқырап тұр. Ал маңайдан өтіп бара жатқан тұрғынның бәрі тамсана қарап, суретке түсуде.

"Осының бәрін істеп жатқан – Дана деген көршіміз. Біз де ол кісіге атсалысып, қаржылай қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз. Ауламыз әдемі болып, көркейіп, жақсы болып қалды", - дейді тұрғын Кәмшат Дәуірбаева.

Коллекционер Дана Бектаеваның өзі осы ауладағы пәтерде тұрады. Ол бала күнінен бері қолдан тоқылған кілемдерге қызығады екен. Қазір сирек кездесетін кілемдер топтамасын жинап жүр. Аула қоршауына солардың бірқатарының бейнесін салғызған.

"Коллекциямдағы ең күшті деп айтуға болатын кілемдерді осы қоршауға салдық. Келешекте осындай әр аулада қазақтың кілемдерінің суреттері болса, біздің балаларымыз әдемі аулада өссе, олар да әдемі азаматтар болып өседі деп ойлаймын", - дейді Дана Бектаева.

Телеарна хабарлауынша, коллекционер мыңнан астам кілем жинаған. Олардың ішінде ХІХ ғасырға тиесілі жәдігерлер де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027222-qazaq-kilemderinin-suretin-saldyrtqan-symkenttik-kollekcioner-ozi-turatyn-aulany-adam-tanymastai-ozgertip-tastady-video/

pixel