Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар орталығында әлдебіреу қыздарға тас лақтырған (видео)

Опубликовано:

Ер адам жерден тас алуда
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/tipavlo

Павлодардың орталығында белгісіз біреу қыздарға тас лақтырған. Оқиға Сәтбаев көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында болған. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram арнада жарияланған видеода кадр сыртындағы қыздың ер адамнан кейбір сөздерді қайталауды сұрағанын көруге болады. Ер адам жауап ретінде жерден тас алып, видео авторына лақтырады. Сосын екінші рет тас алып, тағы солай істейді.

"Ер адам қыздарға тас лақтыруда. Олар одан бүріккіш баллонмен қорғануға тырысуда. Бұл видеоны түсірген бойжеткен мұның өзіне және құрбысына бейтаныс жігіттің физикалық қысым көрсетуден басталғанын айтты. Олар оны видеоға түсіре бастағанда, ол қыздарға агрессия танытқан. Камераны өшіргеннен кейін қыздың айтуынша ер адам оларды қуған", – делінген видеоның жазбасында.

Оқиғаға қатысты Павлодар облысы ПД түсініктеме берді. Тәртіп сақшылары бұл фактіні тіркеп, ер адамның кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027301-pavlodar-ortalygynda-aldebireu-qyzdarga-tas-laqtyrgan-video/

pixel