jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасына найзағай түсті (видео)

Көктөбедегі найзағай
Көктөбедегі телемұнараны найзағай соқты. Видеодан кадр: instagram.com/andrey.the.pilot

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасын найзағай соққа сәтті қала тұрғындарының бірі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кеше кешкілік синоптиктердің ескерткеніндей, мегаполисте қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнады.

Instagram Stories желісінде andrey.the.pilot атымен тіркелген қолданушы Көктөбе телемұнарасына найзағай түскен сәтті видеоға түсіріп, жариялады.

Кадрлардан Көктөбеге найзағайдың бірнеше рет қалай соққанын көруге болады.

Ал Almaty.today Instagram агенттігі жариялаған видеоның астындағы пікірлерде қазақстандықтар бұл оқиғаның әдемілігін атап өтті.

"Ол үнемі соғады, бірақ бәрібір әдемі", "Әдемі! Бірақ қорқынышты!", "Найзағай – сұлулық пен күш", "Әдемі және бір мезгілде аздап қорқынышты", "Қорқынышты сұлу", "Фотографқа құрмет", "Телемұнарада найзағай тартқыш болу керек, сондықтан ол үнемі сол жерде соғып тұрады" деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасына найзағай түсті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.