jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қонаевта жас геологтарға арналған І республикалық дала олимпиадасы өтпек

Қонаевта жас геолагтарға арналған І республикалық дала олимпиадасы өтпек
Фото: Kazakhmys Holding

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас геологтар 9 шілдеде Қонаев қаласында І республикалық дала олимпиадасының ашылу рәсімінде кездеседі. Жарысқа 16 команда қатыспақ.

Олимпиадада еліміздің барлық өңірінен жиналған 200-ден астам 9-11 сынып оқушылары геология саласындағы білімі бойынша бақ сынасады.

Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері - жастарды кәсіптік бейімдеу, оқушылардың геологиялық ғылымдарды зерттеуге қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Жас геологтар олимпиадасы Kazakhmys Barlau мен "Жас геолог" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтеді.

Олимпиада Алматы облысы Қонаев қаласындағы "Балдаурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өтпек.

БАҚ өкілдері үшін жиналу орны: Алматы қ., Республика алаңы, 13, Тәуелсіздік Монументінің жанында. Автобус сағат 9:30-да жүреді.

БАҚ өкілдерін аккредиттеуді Kazakhmys Barlau баспасөз қызметі мына телефон бойынша жүргізеді: +7 777 676 60 66 – Әсел Қапалова, kappa2k@mail.ru

Қонаевта жас геологтарға арналған І республикалық дала олимпиадасы өтпек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.