jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Шілдеде еліміздің екі облысындағы ауданда қатты құрғақшылық болуы мүмкін

Құрғаған жер беті
Құрғақшылық. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер шілде айында еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың болжамына сәйкес шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдану көбінесе нормаға сай болады деп күтілуде.

Десе де, Ақмола облысының Жарқайың ауданында, Қостанай облысы Жангелді ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандарында, Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында, Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара және Отырар аудандарында орташа деңгейде құрғақшылық күтіледі.

Ал Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін.

Шілдеде еліміздің екі облысындағы ауданда қатты құрғақшылық болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.