jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Талдықорғанда мәйітханаға 5,5 млн теңге айыппұл салынды

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Талдықорғандағы мәйітханаға 5 жарым миллион теңге айыппұл салынды. Мамандар өлгендердің денесі жататын нысанда санитарлық талаптың сақталмағанын анықтаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, мәйітханада тазалық сақталмағанын ғимараттан-ақ байқауға болады. Ғимараттың өзінен бөлек, құрал-жабдықтары да ескі екені көрініп тұр. Аталмыш заң бұзушылықтарды санитар мамандар анықтаған. Мекеме 5 жарым миллион теңге айыппұлды осы айдың соңына дейін толық төлеуі керек.

"Сол бұзушылықтардың негізінде біздің қызметкерлер мәйтіхананың басшылығына 1600 АЕК ретінде айыппұл салып отыр. Бұл айыппұл Әкімшілік кодекстің 425-бабы 1- тармағына сәйкес жасалып отыр", - деді Жетісу облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шагиахмет.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Талдықорғанда мәйітханаға 5,5 млн теңге айыппұл салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.