Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күкірт қышқылы төгілді": ШҚО-да сұйықтық құйылған автоцистерна аударылды (фото)

Опубликовано:

аударылған көлік
Аударылған көлік. Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында сұйық зат тасымалдаған жүк көлігі аударылып қалды. Облыстық полиция департаменті оқиға орнынан материал жинақтап, төгілген сұйықтықтың қоршаған ортаға зиянын есептеу үшін оны экологтарға тапсырғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 7 шілдеде Күршім ауданындағы Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдары арасындағы жолда болған. Аталған фактіге байланысты Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған факті белгіленген тәртіппен тіркеліп, жинақталған материалға құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылдануы үшін экология департаментіне жолданды", - дейді портал тілшісіне ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Сондай-ақ ведомство көлік құралының жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Полиция қандай сұйықтық төгілгенін нақтыламады.

Ал Instagram-дағы пабликтердің бірі жүк көлігінің аударылуы салдарынан күкірт қышқылы төгілгенін жазуда.

"Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдарының арасындағы жолда цистернасы бар жүк көлігі аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20-21 тонна күкірт қышқылы төгілді", - деп жазады жазба авторы.

Автор: Елжан Нұрболат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027852-kukirt-qysqyly-togildi-sqo-da-suiyqtyq-quiylgan-avtocisterna-audaryldy-foto/

pixel