Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қарапайым ауыл мұғалімі табысты кәсіпкерге айналды

Опубликовано:

Бекет Құдайбергенов
Бекет Құдайбергенов. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тұратын математика және информатика пәнінің мұғалімі Бекет Құдайбергенов екі жыл бұрын ауыл мектебіне жас маман болып кірген. Бүгінде ауданға танымал кәсіпкерлердің бірі. Оның еңбекқорлығына сүйсіне қарайтындар көп, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

22 жастағы математика пәнінің мүғалімі бау-бақша өсіріп, мал бағып отыр.

"Осы ауылда туып өстім. Қазір мектепте бір мезгіл сабақ беремін. Карантин кезінде көп қиындықты көрдік. Қияр, қызанақ секілді көкөністер ауылда қолжетімсіз болды. Қарапайым көкөністерді ала алмай қалдық. Бұл жағдай ойландырды. Себебі біздің ауылдың басқаларға қарағанда инфрақұрылымы толық қамтылған. Жарық, жол, газ, су бәрі бар. Көп ойланбастан сол жылы көрші ауылдағы мал шаруашылығына картоп ектім. Карантиндік шектеулер көп нәрсені үйретті. Тәуелсіздік - өзіңді қамти алу. Яғни біз өзімізді азық-түлікпен жеткілікті деңгейде қамтуды үйренуіміз керек. Тәуелсіздікті біз сонда ғана нығайта аламыз, - дейді Бекет Құдайбергенов.

бау-бақша
Бау-бақша. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жас кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама арқылы егістікке қажетті техникалар алған. Бүгінде ауылдың шетінен 4 мың шаршы метр жер алып, картоп, қауын, қарбыз, қызанақ және түрлі екпе шөптер егіп тастаған.

"Ауылда мүмкіндік көп болып тұр. Болашақта өсімдік шаруашылығын дамытқымыз келеді. Уақыт күттірмейтін жұмыстарды бастап кеттік. Нәтиже жоқ емес. Еңбегіміздің жемісін көріп жатырмыз. Ауылымыз тұщы жер асты суының үстінде тұр. Сондықтан көкөністеріміз дәмді әрі өнімді болып шығып жатыр", - дейді ол.

Бекет Құдайбергенов
Бекет Құдайбергенов. Фото: жеке мұрағатынан

Жас кәсіпкер атанған ауыл мұғалімі Алматыға арнайы барып, бизнес жоба бойынша бәләм алып келген. Биыл "Ауыл аманаты" жобасы арқылы 2,5 пайызбен несиеге өтініш білдіріп, 15 сиыр алған. Кәсіпкер көкөніс шаруашылығымен қатар ауылдастарымен бірге мал шаруашылығын да дамытуды көздеп отыр.

"Қолымда 15 бас сиырым бар. Ауылда арнайы сертификаттандырылған сүт өнімдерін дайындауға жұмыс істеп жатырмын. Болашақта ауыл жігіттерімен корпоратив құрып, тағы 27 млн теңге несие алып, ауыл шаруашылығын дамытқымыз келеді", - дейді ол.

Автор: Ардақ Ерубаева

Бекет Құдайбергенов
Бекет Құдайбергенов. Фото: жеке мұрағатынан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027705-aqtobede-qarapaiym-auyl-mugalimi-tabysty-kasipkerge-ainaldy-foto/

pixel