Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 минутта азық-түлік жеткізу: бұл қаншалықты шындық

Опубликовано:

Жұмысшы тапсырысты жинайды
Фото: Choco

Қазіргі таңда үйге азық-түлік алдыру қызметі ешкімге таңсық емес. Пандемияда ерекше сұранысқа ие болған сервисті бүгінде тұтынушылар қатары көп, қызмет түрін ұсынушылар да аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі - Choco Рядом қызметі.

Choco Рядомның бірегей болатыны, алдымен сервис толыққанды отандық өнім. Екіншіден, азық-түлікті ултьтажылдам уақытта жеткізумен ерекшеленеді. Тапсырыстардың 80 пайызы 15 минутқа дейін иесін табады. Азық-түлікті мұнша жылдам уақытта осыған ұқсас өзге сервистердің ешқайсысы жеткізе алмайды. Тіпті бірде курьер клиентке тапсырысты 5 минутқа жетпейтін уақытта әкеліп берген.

Үшіншіден азық-түліктің ең сапалысы, таңдаулысы ұсынылады. Choco Рядом-ның Алматыда 11 нүктесі жұмыс істейді. Әр ауданның өзіндік қоймасы - дарксторлары бар. Ол жерде мамандар күн сайын тексерілген серіктестерден азық-түлікті қабылдап, әрқайсысын жинауға ыңғайлы етіп рет-ретімен орындарына қояды. Осы реттіліктің арқасында түскен тапсырысты жинауға 2 минуттан артық уақыт кетпейді. Әсіресе дайын тағамдар мен нан күнбе-күн келеді. Choco Рядомда мерзімі өткен тауар мүлде болмайды.

Дарксторлар жеткізу нүктелеріне бір жарым шақырым радиуста орналасқан. Курьерлер заттарды жаяу, велосипедпен, мопедпен тасымалдайды. Әр дарксторда курьерлерге арналған жазда салқын, қыста жылы болатын арнайы орын бар. Бүгінде сервис Алматының төмендегідей аумақтарында қызмет көрсетеді:

  • Сириус

Тимирязев - Сейфуллин - Манас

  • Москва

Шаляпин - Тілендиев - Қабдолов - Кошманов

  • ЦСКА

Сәтпаев - Клочков - Төле би - Прокофьева

  • Шахристан

Біржан - Гагарин - Жандосов - Ладыгина

  • Самал

Митин - Луганский - Ганди - Сейфуллин

  • Алтын Квадрат

Абай - Бәрібаев - Мақатаев - Сейфуллин

  • Жетісу

Шаляпин - Қойшыманов - Ұлықбек - Қарғалы

  • Ақсай

Ұлықбек - Саин - Райымбек - Қарғалы

  • Айтиев

Сәтпаев - Мұратбаев - Гоголь - Жароков

  • Радостовца

Сәтпаев - Жароков - Төле би - Прокофьева

  • Қабанбай батыр

Шевченко - Сейфуллин - Жібек Жолы - Мұратбаев

Келешекте сервистің қамту аймағы ұлғая түседі. Жақында Мирас ықшамауданынан жаңа даркстор ашу жоспарда бар.

Сервис мобильдік қосымша түрінде де, web нұсқада да жұмыс істейді. Смартфонда Choco қосымшасын орнатып, азық-түлік жеткізу бөліміне өтіп, қалаған затыңызды таңдай аласыз. Компьютер, ноутбук арқылы қолдану үшін ryadom.kz сайтына өту жеткілікті. Демалыссыз таңғы 8-ден түнгі 11 аралығында азық-түлік пен үйге арналған керек-жарақтарды есігіңізге дейін 15 минутта әкеліп береді.

Рядом-да 6 мыңнан астам тауар түрі бар. Үнемі мониторинг жүргізіліп, сұранысқа байланысты кей тауар түрлері қосылып, керісінше кейбірі алынып отырады. Қолайсыз ауа райында, мерекелік күндерде тапсырыс саны айтарлықтай артады. Осылайша, Choco Рядом азық-түлікті аса қысқа уақытта жеткізіп, қала тұрғындарына қолғабыс қылып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028062-15-minutta-azyq-tulik-zetkizu-bul-qansalyqty-syndyq/

pixel