jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандық оқушылар енді мектеп аттестатымен бірге колледж дипломын ала алады

емтихан тапсырып отырған оқушы
Емтихан тапсырып отырған оқушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық аймағында колледждер базасында жоғары сынып оқушыларына жұмыс біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті мәлімдеді, деп хабарлады ведомство Telegram-дағы ресми арнасында.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа білім беру бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына өз мектебінде білім ала жүріп, колледждерде жұмысшы мамандықтарын қатар меңгеруге мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта 16 жұмысшы мамандығы анықталды. Оқыту күніне 2 сағаттан тұрады. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінен 2 колледж нақтыланды. Онда оқушылар кәсіби дайындықтан өтеді", - дейді Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.

Пилоттық жобаға алғаш болып Ақмола облысының оқушылары қатысады. Олар Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжі мен Степногорск қаласының жоғарғы колледжі базасында білім алатын болады.

"Биыл пилоттық жобаға Көкшетау қаласының екі мектебі қатысады. Оқушылар аспаз, наубайшы, сәндік-қолданбалы өнер және дәнекерлеуші мамандығын оқиды. Степногорск қаласында 9 мектеп бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Бұл мектептердің түлектері "Интерьер дизайны" және "автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандықтары бойынша білім ала алады.

Колледжде білім беру процесін жүргізу үшін білім беру бағдарламасы әзірленді, педагогтер дайын, арнайы пәндер шеберханалары мен кабинеттері жабдықталған", - дейді Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин.

Ведомство ақпаратынша, оқуды аяқтағаннан кейін оқушылар мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алып, еңбек нарығына шыға алады.

Қазақстандық оқушылар енді мектеп аттестатымен бірге колледж дипломын ала алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.