Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін барлық дерлік өңірде өте қатты ыстық күтіледі

Опубликовано:

көзілдірік
Көзілдірік. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 11 шілде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Сейсенбіге арналған ауа райы туралы мәлімет "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің батысында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Сонымен қатар бүгін Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде өте қатты ыстық сақталады.

Ал Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, сейсенбіде еліміздің үш мегаполисінде де күн ыстық болады. Мәселен, Астанада ауа температурасы 36-38 градусқа дейін, Алматыда 30-32 градусқа дейін, Шымкентте 37-39 градусқа дейін жетеді.

Бұдан бөлек, бүгін Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Қостанай, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облыстарында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028122-bugin-elimizdin-barlyq-onirinde-ote-qatty-ystyq-kutiledi/

pixel