Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда жыл соңына дейін жасанды көлі бар саябақ салынады

Опубликовано:

Жағалау
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың соңына дейін Түркістанда қала тұрғындары үшін жаңа демалыс орны - жасанды көлі бар саябақ пайда болады. Оның құрылысы аяқталуға жақын.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы бірнеше құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты. Алдымен жасанды көлі бар қалалық саябақта болды. Бүгінде мұнда жұмыс қарқынды. Жасанды көлге су жіберіліп, үстіндегі көпірі салынған.

Жасанды көлі бар саябақ
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бұл саябақ туризмді дамытуға серпін береді. Саябақтағы нысандарды бояу барысында түрлі түстерді қолданған жөн. Сәулетшілермен ақылдасып, балаларды, жалпы жұртшылықты қызықтыратындай бояулармен көмкеріңіздер. Қауіпсіздік мәселесі де назарда болуы тиіс", – деді Дархан Сатыбалды.

Дархан Сатыбалды бірнеше құрылыс нысандарын аралап көрді
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған саябақтың жалпы жер ауданының көлемі – 12,7 гектар. Су сыйымдылығы – 0,6 млн.м3. Құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда қоршауларды бояу, аббатандыру, ғимараттардың ішкі әрлеуі, көгалдандыру, субұрқақтың құрал-жабдықтарын орнату, шатырларды орнату, ғимараттардың қасбетін реттеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 6 техника және 97 жұмысшы жұмыс істеуде.

Саябақтағы құрылыс жұмыстары
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір басшысы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе қалашығына күмбез орнату жұмыстарын да қадағалады. Бұл нысан қыркүйек айында тапсырылады деп күтілуде. Алдағы уақытта Күлтөбе қалашығы туристік орындардың біріне айналмақ.

Дархан Сатыбалды бірнеше құрылыс нысандарын аралап көрді
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028231-turkistanda-zyl-sonyna-deiin-zasandy-koli-bar-sayabaq-salynady/

pixel