jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Әл-Фараби даңғылында жөндеу жүруде: Алматы әкімдігі кептелісті азайту үшін қандай шара қабылдады

Көлік кептелісі
Көлік кептелісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының әкімдігі әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қалададағы көлік кептелісін азайту үшін жол қозғалысы шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Әл-Фараби даңғылының бойында Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін өткізу қабілетін арттыру үшін 12.07.2023 жылдан бастап 13.07.2023 жылға дейін мынадай шаралар қабылданатын болады:

  • 12.07.2023 ж. сағат 06.00-ден бастап Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін кері қозғалыс жолымен көлік құралдарын бұру ұйымдастырылады;
  • 06.00 сағ. бастап 15.00 сағатқа дейін шығыс бағытта екі жолақты қозғалыс, батыс бағытта бір жолақты қозғалыс ұйымдастырылады.
  • Сағат 15-00-ден бастап 21-00 сағатқа дейін. - батыс бағытта екі жолақты, шығыс бағытта бір жолақты.

Тәуліктің кешкі уақытында сағат 21-00-ден бастап жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Жароков көшесі бойынша көлікті солтүстік бағытта бұруды ұйымдастыра отырып, шығыс бағыттағы қозғалыс толығымен жабылатын болады:

Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік 6 экипажы қарастырылған, 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгілері орнатылады, жолақтар бойынша бөлу конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленеді. Реверсив басталғанға дейін екі жағынан көлік ағындарын бөлетін металл турникетінің 25 данасы болады (100 м).

Әл-Фараби даңғылындағы Ремизовкадан шығу "Есентай-Молл" Оңтүстік тұрақ аймағы арқылы ұйымдастырылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдың полиция экипажы тұратын болады.

Әл-Фараби даңғылында жөндеу жүруде: Алматы әкімдігі кептелісті азайту үшін қандай шара қабылдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.