jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

13 шілдеде Қонаевта Жас геологтардың І Республикалық далалық олимпиадасының ресми жабылу рәсімі өтеді

Олимпиада қатысушылары
Фото: Kazakhmys Holding

2023 жылғы 13 шілдеде сағат 19:00-де Қонаев қаласында Жас геологтардың І Республикалық далалық олимпиадасының ресми жабылу рәсімі өтеді. Олимпиадаға 16 команда, 200-ден аса оқушы қатысып, өз білімі мен қабілетін көрсетті.

Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаты - жастарды кәсіптік бейімдеу, білім алушылардың геологиялық ғылымдарды зерттеуге қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Іс-шараны Kazakhmys Barlau ЖШС және «Жас геолог» корпоративтік қоры, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің геология комитеті, Алматы облысының әкімдігі, Kazakhmys корпорациясы, ERG ЖШС, Kazzinc ЖШС ұйымдастырды.

Жеңімпаз командалар грамота, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Мұнымен қоса, жеке есептегі жеңімпаздар Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және "Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің" геологиялық мамандықтарына 9 грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Өткізу орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы, «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

БАҚ үшін жиналу орны: Алматы қ., Республика алаңы, 13, Тәуелсіздік Монументінің жанында. Автобус сағат 16:30-да жүреді.

БАҚ аккредиттеуді Kazakhmys Barlau Баспасөз-қызметі мына телефон бойынша жүргізеді: +7 777 676 60 66 – Әсел Қапалова, kappa2k@mail.ru

13 шілдеде Қонаевта Жас геологтардың І Республикалық далалық олимпиадасының ресми жабылу рәсімі өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.