jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Енді колледж түлектері "Колледж дипломы" туралы құжатты телефоннан көрсете алады

диплом
Диплом. Көрнекі фото: pixabay.com

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – "Колледж дипломы" қолжетімді. Бұл туралы Мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат порталы хабарлады.

"eGov mobile қосымшасының жетістіктерінің бірі – "Цифрлық құжаттар" сервисі болып саналады. Осы сервистің көмегімен қолданушылар цифрлық құжаттарды әрқашан ұялы телефоннан көрсете алады.

Енді колледж түлектері eGov Mobile қосымшасы арқылы "Колледж дипломын" цифрлық форматта қолдана алады. Осыған дейін мобильді қосымшада eGov mobile пайдаланушылары үшін жоғары оқу орындарының дипломдары қолжетімді болды. Бұл қажетті құжаттарды алу және ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде "Цифрлық құжаттар" сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады.

Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта "Цифрлық құжаттар" сервисінде 27 құжат қолжетімді: оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар.

Мобильді қосымшаны iOS жүйесінің пайдаланушылары App Store платформасынан, Android жүйесінің пайдаланушылары Play Market және App Gallery-ден жүктеп ала алады.

Енді колледж түлектері "Колледж дипломы" туралы құжатты телефоннан көрсете алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.