jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жамбыл облысы ПД "Киберпол" интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа жобасын таныстырды

Жамбыл облысы ПД "Киберпол" интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа жобасын таныстырды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Полиция департаменті "Киберпол" интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа жобасын таныстырды.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасын орындау мақсатында Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің ғимаратында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің және ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзиннің қатысуымен "Киберпол" пилоттық жобасы іске қосылды.

Жамбыл облысы ПД "Киберпол" интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа жобасын таныстырды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға прокуратура өкілдері, банк басшылары мен қауіпсіздік қызметтері қатысты.

Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Алмаз Саламатов жаңа жобаны таныстырып, бөліністің заманауи цифрлық зертханасының басымдықтары туралы айтып берді.

Жамбыл облысы ПД "Киберпол" интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа жобасын таныстырды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бағдарламаның мақсаты - цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл, басқаша айтқанда, интернет-алаяқтыққа қарсы күрес.

"Киберпол" тобының құрамына тергеушілер, жедел уәкілдер және криминалист-мамандар кіреді.

Жамбыл облысы ПД "Киберпол" интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа жобасын таныстырды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Арнайы бөліністің жұмысы екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және әрбір қылмыстық іс шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларының толықтығын қамтамасыз ету.

Жамбыл облысы ПД "Киберпол" интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа жобасын таныстырды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ағымдағы жылы өңірдегі киберполиция қызметкерлері 28 кәсіби алаяқты ұстады, олардың 16-сы - басқа облыстардың тұрғындары. Сондай-ақ алаяқтар өз мақсаттарына жету үшін қолданатын 190 "дроппер" анықталды.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында интернет алаяқтықтың 90 дерегі тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыстардың 40,8% - ға төмендеу көрсеткіші байқалады.

Жамбыл облысы ПД "Киберпол" интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа жобасын таныстырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.