Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерте піскен қарбыз, бақша өнімдері": Шымкентте бір айда 150-ге жуық адам астан уланған

Опубликовано:

Қарбыз
Қарбыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жүгінген ересектер мен жасөспірімдер түрлі ішек инфекциясына шалдыққан. Олардың саны бір айдың ішінде 150 адамға жеткен. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, Шымкентте бір айдың ішінде бақша өнімдерінен уланғандар саны 150 адамға жеткен. Дәрігерлер тез бұзылатын тамақ өнімдерінің сақтау ережесіне мұқият болу керектігін, биыл ішек инфекциясына шалдыққандар саны анағұрлым жоғары екенін айтты. Сондықтан тағамның сапасы мен оны сақтау ережесіне жіті мән беру керек, дейді.

"Жалпы науқастардың жартысынан көбісі осы бақша өнімдері мен ерте піскен қарбыз өнімдерінен улану болып жатыр көбінесе. Күннің күрт +44...+45 С ысуына байланысты бұл аурулар көбейеді деп айта аламыз", - дейді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Баян Рыстаева.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сілтеме жасаған телеарна хабарлауынша, соңғы 6 айда 320 адам астан уланған. Мониторингтік бақылау тобы сауда орындары мен базар сөрелеріндегі 2 мыңнан астам өнімге зертханалық талдау жүргізілгенін айтады. Нәтижесінде қауын мен қарбыз құрамындағы нитрат мөлшері шектік нормаға сай болып шыққан.

"Бүгінгі таңда бізде бірнеше рет нысан өкілдерінің хаты арқылы мониторинг жұмыстары жүргізілді. 2 мыңнан аса өлшеу, зертханалық зерттеу жүргізілді. Бірақ бүгінгі таңға дейін тіркелмеді", - деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әсем Дәулетова.

Телеарна дерегінше, сала мамандары сауда орнындағы өнімдердің сапасына базар әкімшілігінің өздері жауапты екенін айтады. Тұтынушылар тарапынан тауардың құрамына күмән туса өнімнің сапасына жауап беретін құжатты талап етуге құқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028617-erte-pisken-qarbyz-baqsa-onimderi-symkentte-bir-aida-150-ge-zuyq-adam-astan-ulangan/

pixel