Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір әйелмен көрген": Шахтинскіде жоғалған 10 жасар қыз екі күннен кейін табылды

Опубликовано:

Қыз бен әйел
Қыз бен әйел. Көрнекі фото: getty/stock photo

Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен 10 жасар қызды екі күн бойы іздеген. Қыз анасының танысымен бірге жүрген, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі.

Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шахтинск қаласының 34 жастағы тұрғыны қызын "жоғалтып алған". Әйел қызымен бірге танысының үйіне қонаққа келіп, ұйықтап қалған. Оянған кезде, қызының жоқ екенін білген. Әйел күні бойы қалада 10 жасар қызды өз бетінше іздеген, бірақ нәтижесіз болғаннан кейін ол полициядан көмек сұраған.

"Баланың жоғалғанын білген Шахтинск қаласының тұрғындары полицияға хабарласа бастады. Біреулер көмек көрсетейік десе, енді біреулері ақпаратты бөлісті. Кей куәгерлер қызды әлдебір әйелмен бірге көргенін айтты. Оның жеке басы мен тұрғылықты жері анықталды. Бірақ ол осы мекенжайда болмаған", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Жоғалған бала туралы ақпарат Шахтинск қаласы мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарын бей-жай қалдырмады. Еріктілер жоғалған қыз бен оны бірге көрген әйелдің суреттерін әлеуметтік желіге жариялады. Сондай-ақ қызды іздеуді үйлестіру үшін чат құрылған.

"Іздестіру іс-шаралары басынан-ақ ауқымды сипатта болды. Оларға 200 полиция қызметкері, Ұлттық ұланның 100 әскери қызметкері, сонымен қатар қала тұрғындарынан 650 ерікті және еріктілер қосылды. Қыз туралы ақпарат Шахтинск волонтерлерінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Полиция қызметкерлері қамқор азаматтармен бірге қаланың әр кварталын ақтарып, шатырларды, жертөлелерді, орман екпелерін, су қоймаларын аралады. Бірлескен жұмыс оң нәтиже берді. Бейсенбі күні кешке қыз аман-есен табылды. Бұл ретте еріктілер Любовь Хващова, Жеңіс Оспанов, Никита Әбдірахманов көп көмек көрсетті. Бала тірі, денсаулығына зиян келмеген", - деп толықтырды облыстық ПД баспасөз қызметінен

Полицейлер баланы түнде анасының қасынан алып кеткен әйелдің танысы болып шыққанын айтты. Алғашында ол баланы үйіне апарғысы келген, бірақ ол жерде ешкім болмағандықтан, ол баламен бірге досының үйінде жүрген. Олар қонақта екі күн жүрген. Әйел осы уақыт ішінде баланың іздеуде жүргеніне күдіктенбеген.

"Қазіргі уақытта бала анасының қасында. Еріктілерге белсенді азаматтық ұстанымдары, бастамалаы, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін үлкен алғысымды білдіремін. Полиция мен азаматтар арасындағы осындай тиімді өзара іс-қимыл халық пен ішкі істер органдары арасындағы сенімді нығайтуға септігін тигізеді", - деді Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Санжар Әділов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028628-bir-aielmen-korgen-saxtinskide-zogalgan-10-zasar-qyz-eki-kunnen-keiin-tabyldy/

pixel