jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Экс-чемпион Шүменовке қатысты жанжал: Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі істі бақылауға алды

Қырғызстан СІМ ғимараты
Қырғызстан СІМ ғимараты. Фото: mfa.gov.kg

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Астанадағы сауда орталығында қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен қырғызстандық азаматтың арасындағы жанжал бойынша істі бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан СІМ мәліметінше, 13 шілдеде жәбірленуші К.А. Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшілігіне шақырылған.

"Елші Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен қажетті процесуалдық әрекеттер жүргізілуде. Бұл мәселе министрліктің бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Астанададағы сауда орталығында бокстан экс-әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.

Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынған еді.

Одан бөлек, ІІМ Астананың сауда орталығында болған Бейбіт Шүменовтің төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын жазған едік.

Экс-чемпион Шүменовке қатысты жанжал: Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі істі бақылауға алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.